Алматыда өткен Мәжіліс жанын­дағы Қоғамдық пала­таның отыры­сында «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер тал­қыланды. Жиын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтті.
Ғылымды қаржыландыру маңызды
518
оқылды

Палата төрағасы Айдос Сарым аталған заң жобасы Мемлекет басшысының Жол­дауын жүзеге асыру аясында әзірленгенін және қазір Мәжілістің қарауында екенін айтты. «Ғылым туралы» және «Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтиже­лерін коммерцияландыру туралы» заңдар өзектілігін жоғалтқан соң осы заң жобасын дамыту қажет­тілігі туындаған. Бірақ оларды механикалық түрде бір құжатқа біріктіру мүмкін емес.

– Мәселенің бірі – жас кадрларды ғылыми қызметке тарту. Сонымен қатар ғылымды қаржыландыруды жетілдіру қажет, мемлекеттік тетіктер сынға қалып отыр. Басқа да проблемалар бар. Негізгі заң жо­басын талқылап, қай салалар қамтыл­мағанын анықтап, өз ұсыныстарымызды ортаға салуға мүмкіндігіміз бар, – дейді А.Сарым.

Ғылым және жоғары білім вице-минис­трі Дархан Ахмед-Заки заң жобасының ережелеріне қысқаша тоқталды. Оның ай­туын­­ша, құжат Ұлттық ғылым ака­демия­сының трансфор­мация­сымен ғылымды басқару жүйесінің құрылымын жетілдіріп, ғалым­дарды әлеуметтік қолдау пакетін кеңейтеді. Сондай-ақ ғылыми-зерттеулердің негізділігі мен технологиялық дайындығын бағалаудың, ғылыми-техника­лық ақпаратты жинау мен өңдеудің және талдаудың жаңа тетіктері енгізіледі.

 Өз кезегінде Мәжіліс депу­таты, жұмыс тобының жетекшісі Таңсәуле Серіков заң жобалары бойынша қазіргі нәтижелері туралы айтты. Ол бұған дейін үш отырыс өткізіліп, онда 100-ге жуық норма қарал­ғанын айтты.

Баяндамалар тыңдалғаннан кейін Қоғамдық палата мүшелері мен басқа да отырысқа қатысу­шы­лар өз пікірлерімен, ұсыныс­тарымен бөлісті. Қоғам қайраткері Айжан Сқақова ғылыми-техника­лық қызмет нәтижелерін коммер­цияландырудың тиімді тетіктерін пысықтау қажеттігін атап өтті. 

– Іс жүзінде қолданыстағы заң­ның нақты жұмыс істейтін те­тіктері жоқ. Ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммер­цияландыруға қатысушылардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламалары бар, тек біліктілікті арттыру ғана қажетті нәтиже бермейді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарынан коммер­циялан­дыруға көшудің маңызды кезеңі ретінде жұмыс механизмін құру қажет, – деді Айжан Сқақова.

Ғылым саласындағы заңна­маны жетілдіру бойынша бастама­ларды сарапшы Ерлан Смайылов, М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің доценті Мүсілім Хасенов және өзге де мамандар сөз сөйледі. Заң жобаларын бірінші оқылымға дайындау бойынша тал­қылау жұмыс тобының оты­рыс­­тарында жалғасады.