8 наурызда ауа райы қандай болады?
8 наурызда ауа райы қандай болады?
Фото: Интернеттен алынды
189
оқылды
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, алдағы тәуліктерде оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыста арктикалық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын, әсіресе, қар жауады. Бірақ республиканың солтүстік және батыс облыстарына жылжыған суық антициклон, өзге аумақтарға да тез тарайды. Сондықтан 8 наурыз мерекесі күні Қазақстанда ауа температурасы салқын болады. Бірақ ала бұлтты және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Дүйсенбі күні республиканың батыс облыстарына Қара теңізден жылы ауа ағымдары өтетіндіктен күн райы жылынады.