Үздік нәтижеге бар болғаны 72 оқушы қол жеткізген.
Қаңтарда өткен ҰБТ-да қанша талапкер 130-дан жоғары балл жинады
GOV.KZ
4,229
оқылды

Ұлттық тестілеу орталығы қаңтарда өткен ұлттық бірыңғай тестілеу сынағында үміткерлердің қаншасы қандай балл жинағанына талдау жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

130-139 балл аралығындағы ең жоғары көрсеткішке тек 72 адам ғана ие болған. Ал 110-129 балл аралығындағы нәтижеге тек 3,8 мың адам қол жеткізген. 

Ал бұдан төмен көрсеткіштерге қол жеткізгендердің үлесінде аса үлкен айырмашылық жоқ:

90-109 балл: 16 мың адам;

76-89 балл: 20,9 мың адам;

70-75 балл: 11,9 мың адам;

60-69 балл: 22,4 мың адам;

50-59 балл: 23,1 мың адам.  

Ал шығармашылық емтиханда 459 үміткер тіпті 10 балл да жинай алмаған. Ал толық 30 балл жинағандардың саны – 11:

0-9 балл: 459 адам;

10-19 балл: 7,5 мың адам;

20-29 балл: 4,6 мың адам;

30 балл: 11 адам.