Павлодар облысында 28 жолаушысы бар автобус аударылып қалды
Павлодар облысында 28 жолаушысы бар автобус аударылып қалды
© .tengrinews.kz
197
оқылды
Павлодар облысында 6 наурызда 28 жолаушысы бар автобус аударылды, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Облыстық ТЖ департаментінің мәліметінше, жол апаты 00.15-те Екібастұз ауыл аймағында, Қызылорда - Павлодар тасжолының 1160-шақырымында болған.
Mercedes жолаушылар автобусының жүргізушісі Новосібір - Ташкент бағытында келе жатқан автобус тізгініне ие бола алмай қалып, автоубсты аударып алған.
"Салонда 28 адам болған, олардың 26-сы Өзбекстан азаматы да, екі жүргізуші біздің елдің азаматы. Оқиға орнына мамандар, полицейлер және жергілікті атқару органдарының өкілдері жөнелтілді. Дәрігерлердің қарауынан кейін барлық жолаушы жол-жөнекей көлікпен кетті, жүргізушілер оқиға орнында қалған", - деп хабарлады өңірлік ТЖД өкілдері. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі автобустың Новосібірден Шымкентке бара жатқанын хабарлады.