Жол апаты Мұхамедханов пен Омаров көшелерінің қиылысында болған.
Астанада үш көлік соқтығысып, салдарынан әйел адам қаза тапты
775
оқылды

Астана қаласында автобус, жүк көлігі және жол талғамайтын көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқыс оқиға салдарынан бір әйел қаза тапты.

Астана қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты Мұхамедханов пен Омаров көшелерінің қиылысында болған.

– Мұхамедханов-Омаров қиылысында жүк көлігі, жолаушылар автобусы және Toyota Prado көлігі соқтығысқан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, – деп жазды қалалық Полиция департаменті.