Армения Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүшелігін уақытша тоқтатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттіктің мәліметінше, бұл туралы Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян France 24 телеарнасына берген сұхбатында айтқан.
«Біздің пайымдауымызша, ұжымдық қауіпсіздік шарты Армениямен байланысты мәселелерде орындалған жоқ. Әсіресе, 2021-2022 жылдары бұл жайт біздің назарымыздан тыс қала алмады. Біз аталмыш шартқа мүшелігімізді тоқтатып қойдық. Әрі қарай не боларын көреміз», – деді Пашинян.