Мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құрама көшбасшысы Михаил Шайдоров жеңіске жетті.
Ұлттық құрама көшбасшысы мәнерлеп сырғанаудан алтын медаль алды
Фото: Спортты дамыту дирекциясынан алынды
1,519
оқылды

Ол Нидерланд корольдігінің Тильбург қаласында өткен Challenge Cup турнирінде жеңімпаз атанды. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Михаил кеше қысқа бағдарламада 85.75 балл жинап, 2-сатыға жайғасқан. Бүгін еркін жаттығуда жинақы өнер көрсетіп, 270.59 ұпаймен суырылып алға шықты. Жалпы есепте – 256.34 балл.


Күміс медаль 2022 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 3-орын алған Тацуя Цубоидың (Жапония) еншісінде. Қола тағы бір жапон мәнерлеп сырғанаушысы, 2022 жылғы 4 құрлық чемпионатының күміс жүлдегері Казуки Томоноға бұйырды (251.61 балл).

Бұл турнирге барлығы 32 мемлекеттен 157 спортшы қатысты.