Өрт сөндірушілер Павлодар облысында жанып жатқан үйден ер адамды құтқарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өрт сөндірушілер отқа оранған үйден ер адамды алып шықты
638
оқылды

Павлодар облысы ТЖД-ның мәліметінше, бүгін сағат 20.21-де Павлодар қаласында Орджоникидзе көшесінде үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына шұғыл жетті. Жеке тұрғын үйдің 10 шаршы метрі өртенген. Үйде жиһаз, шатыр жанып жатты.

3-ӨСБ қарауыл бастығы Қайрат Бексеитов пен бөлімше командирі Бақтияр Нұрмағамбетов жанып жатқан үйден 1961 жылы туған ер адамды алып шықты. Ер адам ауруханаға жатқызылды.

Ал өрт сөндіруші Қайыргелді Қарыбаев үйден газ баллонын алып шықты.  

Өрт сағат 21:01-де оқшауланып, сағат 21:26-да сөндірілді.

Өрттің себебі мен келтірілген шығын анықталып жатыр. Оқиға орнында жеке құрамнан 17 адам және 4 өрт сөндіру техникасы жұмыс істеді.