Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталды.
Жетісу облысында жол апаты салдарынан 2 адам қаза тапты
650
оқылды

Жетісу облысы Көксу ауданындағы Алматы-Өскемен тасжолының 211 шақырымында жол апаты болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Toyota Camry жүргізушісі рульді басқара алмай, көліктің аударып алғаны анықталды. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен оның жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы екеуі түрлі жарақатпен облыстық ауруханаға жатқызылды.

Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталды.

«Құрметті жүргізушілер, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыздар, жылдамдықты шектен асырмаңыздар», – деп ескертті Төтенше жағдайлар министрлігінен.