Оқиға орнына Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 76 адамы және 18 техникасы жұмылдырылды.
Астана әуежайында өрт шықты
Фото: ТЖМ
387
оқылды

Астана әуежайынан өрт шығып, адамдар эвакуацияланды, деп хабарлайды Aikyn.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 112-ге Астана қаласының халықаралық әуежайындағы терминалдың электр қалқан бөлмесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.

Сыртқы белгілері бойынша – №1 және №2 терминалдар арасындағы галереядан қою түтін шыққан, адамдар эвакуацияланды.

Сағат 08.24-те өрт сөндірілді. №2 серверлік терминалда 10-15 шаршы метр электр кабельдері жанған.  

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнына Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 76 адамы және 18 техникасы жұмылдырылды.