Туристер Тұлпар-Таш жайлауында шаңғы теуіп жүрген.
Қырғызстанда қар көшкіні салдарынан 4 шетелдік турист қаза тапты
Фото: ZOOM.TIROL
1,065
оқылды

Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы Жырғалаң шатқалында қар көшкіні болды. Салдарынан Чехиядан келген төрт турист қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24.kg-ға сілтеме жасап.

Қар көшкіні 25 ақпан күні сағат 13.00 шамасында болды. Ол кезде 23 турист – Чехия мен Словакияның азаматтары – Тұлпар-Таш жайлауында шаңғы теуіп жүрген.

Қаза тапқан адамдарды қар көшкіні астынан туристер өздері шығарып, тасымалдауға көмек сұраған.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің алты құтқарушысы жетіп, туристер тобын қарсы алды. Қайтыс болғандардың денесін Ішкі істер министрлігіне тапсырды.