Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі.
Ресей, Қытай, Қырғыз шекарасындағы өткізу пунктінде жұмыс режимі өзгереді
Фото: "Қазавтожолдан" алынды
632
оқылды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасынан өтетін адамдарға қолайлы жағдай жасау мақсатында ҰҚК Шекара қызметі автомобильдік өткізу пункттерінің жұмыс регламентіне өзгерістер енгізді. Бұл туралы Aikyn.kz сайты ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Ресей Федерациясымен:

  • «Найза», Павлодар облысы
  • «Қоянбай», Абай облысы
  • «Байтанат», Абай облысы

Қытай Халық Республикасымен:

  • «Нұр Жолы», Жетісу облысы
  • «Достық», Жетісу облысы
  • «Қолжат», Алматы облысы
  • «Бақты», Шығыс Қазақстан облысы
  • «Майқапшағай», Шығыс Қазақстан облысы

Қырғыз Республикасымен:

  • «Кеген», Алматы облысы.

2024 жылғы 1 наурыздан бастап көрсетілген өткізу пункттері сағат 07.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді. 

Өзгеріс Үкіметтің 23.11.2000 жылғы № 1749 қаулысына сәйкес 2024 жылғы 1 наурызда сағат 00.00-ден бастап елдің барлық аумағында бірыңғай уақыт белдеуінің белгіленуіне байланысты енгізілді.