Қазақстанда әскерден жалтарушылар саны азайып келеді.
Қанша жігіт әскерге бармай жүр?
2,847
оқылды

Бұл туралы Қарулы Күштер Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары Азамат Досымов айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Офицердің сөзіне қарағанда, екі жылда әскерден жалтарушылар саны айтарлықтай қысқарған.

"Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер бойынша: екі-үш жыл бұрын олар (әскерден жалтарушылар – еск.) шамамен 35-40 мың адам болды. 2023 жылғы әскерге шақыру қорытындысы бойынша – 20 мыңға жуық адам. Осы екі жыл ішінде бірнеше есе қысқарды", – деді Досымов ОКҚ брифингінде.

Ведомство бастығының орынбасарының мәліметінше, бұл ретте басқа мемлекеттік органдармен ықпалдасу және әскерге шақыру қызметінің тартымдылығын арттыру көмектеседі.