2000 жылдардың басында біздің қоғам тез өзгере бастады. Біз капитализмге дендеп енген сайын жаңа ұғымдар, жаңа механизм, жаңа қатынастар пайда болды.
Өткір мәселелерді  бірауыз сөзбен жаздық...
997
оқылды

Бұлардың бәрі ақпараттық қажеттілік туғызды. Сол кездері елімізде біраз газет ашыла бастады. Соның ішінде «Айқын» да бар.

Біз кезінде орыстың боданынан шық­тық дейміз ғой. Ол – шындық. Біз, тіпті орыс тіліндегі ақпараттық езгінің астында болдық. Яғни, еліміздегі орыстілді газет­­­­тер­­­­дің айы оңынан туып, орыс тіліндегі ақ­­­па­­рат бірінші орында тұрды. Бүкіл ақ­­­­паратты орыс тілінен алып, оны қазақ­­­шаға аударатынбыз. Қазақ журналис­­­тикасының бірден-бір қиын уақыттарының бірі сол еді. Телеарна мен радио саласы баспасөзден әлдеқайда жылдам болғандық­­­­тан нарыққа сай тез бейімделді. Ал қазақ­­­­тілді баспасөз кейін келе жатты. Біздегі ақпарат бұрынғы­­­­­ша сала-құлаш, оны бір жұма өтіп кеткен соң беріп, уақыттың талабына сай келе ал­­­­мады. Сол уақытта «Айқын» мен «Литер» газеттерін ашу туралы идея туды. Газеттің алғашқы құжатында «Айқын» газеті «Ли­­­тер» газетінің қосымшасы, аударма газет ре­­­тінде тұр екен. «Оны аударма емес, қазақ тіліндегі газет етіп шығарайық» дедім. Құ­рыл­­­тайшылардың бірі Ерлан Бекхожин дұрыс түсініп, мені қолдады. Сөй­­­­­тіп, «Ай­­­қын» газеті аударма газет емес, «Литер» газетімен бірдей басылым болып шығатын болды. Ол Ерлан Бекхожиннің құрылтай­­­­­шылардың алдындағы жасаған ерлігі. Екін­ші мәселе, газет саласында да заманан көш кейін жүрдік. Біз күнделікті ақпаратты күнделікті беріп, үлгере алмай­­­тын едік. Тіпті, ең мықты деген газеттердің өздері қа­зақ­­тың ақпаратты күнделікті бе­ріп отыр­­­ған жоқ. Біз қазақтілді журналис­­­­ти­­­­­каны заманға сай жасауымыз керек деп газетті құру ісіне кірістік. 

«Айқын» газетінің алғашқы редакция­­сына көбіне белгілі «Жас Алаштағы» журн­алистерді жинадым. Бірінші орын­басарым қылып Әділбек Қабаны та­­­ғайындадым. Тіпті, жаңа заманауи газет форматын жасау үшін телевизия сала­сының маманы Мақсат Әділханды жа­уапты хатшы ретінде шақыр­дым. Өйткені біз визуалды заманға көштік. Сондықтан Мақсат Әділханның бойынан заманауи форматты ойлай алатынын, компью­терді меңгере бастаған болмысын көргенен кейін мен оны әлі жауапты хат­­шы болып істемесе де осы жұмысқа ша­қырдым. 

Газет шығарғанда әртүрлі бағдарлама пайда болды. Соның ішінде мен PageMaker бағдарламасын таңдап алдым. Себебі газет – қоғамның айнасы. Бұл қазір жат­­­танды сөз болып кеткенімен, ол – шындық. Оқырман газетті парақтағанда қоғамды тануы керек. Ол кезде қоғам иқы-жиқы, алабажақ болып тұрған кезі, ал PageMaker де соған ыңғайлы еді. Газетіміз басында ала­­­­­бажақ болып шыққан сияқты еді, қоғамның бет-бейнесі сондай болғандық­­­­­тан газетіміз тез таралып кетті. Бұл – бір жағынан мақта­­­­­ныш. Мысалы, шетелдегі, Қытайдағы қазақ­­­­­­тардың елш­і­лік арқылы «Жас Алаш­­­­­тың», «Егемен Қазақстанды» алдырып оты­ра­­­­­тын. Ал біздің газетті де тез арада Қытай­­­­дағы қа­­зақ­­­тар жаздырып ала бастады. Оның үстіне біз күнделікті болып жатқан өзекті мәселе­­­лерге үн қатуға мін­­­­детті түрде тыры­­­­сып отыр­­­­­­дық. Қоғамдағы кез келген түйт­­­­­кіл­­­­­­­­­­ді мәселені бірауыз сөз­­­бен болса да жаз­­­­­­­­­­дық. Мысалы, 2005 жылғы 20 шілдедегі «Үкіметтің жағармай жыры қайталанбайды дегені қайда?», «Депутат прокурорды сотқа берді», «Құры­­лыс алаңы құмырсқа илеуіне ұқ­­­сай­­ды», «Ірі банктер монополиясының ипоте­­­ка­­­­­ға ке­дергісі қандай?» деген сияқты сол күн­­­­де бо­­лып жат­­­­­­­қан ақпартты осыдан 20 жыл бұ­рын қозғаппыз. Үлгере алмай қалдық дегеннің өзінде «кеше» деп бір ауыз сөзбен беріп отырдық. 

«Ақ сөйле» деген үлкен бір беттік айдар аштық. Бізде ақпараттардың бәрі қысқа-қысқа ғой. Бірақ бір беттік айдар ашып, сол уақыттағы ең өзекті әңгімені бір бет интервьюмен беріп тұрдық. Қоғамдағы мықты адамдарды редакцияға шақырып, барлық мәселеге үн қаттық. Заманауи га­зет болсын деп өз қаржыма «Құн» деген төрт беттік қосымша аштым. Өйткені қа­зақ экономикалық сауаттылықтан қалып бара жатқан еді. Бұл қосымшаны 5-6 са­­­­нында шығардым да, әрі қарай шы­ғаруға қаржым жетпеді. Телеар­­налармен бай­­ланыс орна­­­­ттық. «Бармысың, бауы­рым?», «Шын­­ның жүзі», осындай тағы бірқатар телеар­­­на­­­­­­дағы ең жақсы бағ­­дарламаның жазбаша нұс­­­­­қасын, мәтінін түсіретін «Дидар тв» деген қо­­­сымша аштық. Одан бөлек, басы­лымның әр са­нында астында сол күнгі валютаның құ­­нын, көмірдің, алтынның құны қандай болатынын шы­ғардық. Тағы «Кинотеатр» деген қосымша болды. Ол беттің іші кино­театр сияқты еді. Ол бетте киношы­­­­лардың пікірінен басқа мәселенің мәнін жұлып алып, беріп отыр­дық. Ал газеттің ең жоға­­ры жағына Абай­­дың, Бай­тұрсын­ұлының қанатты сөздерін, елі­­­­мізге белгілі азамат­­­­­тар­­­­­дың туған күн­дерін беріп отыр­­дық. Бұл да негізі пиар-амалдың бірі. Әрі­­ден соң талай экспе­­­риментке бардық. Қы­­­зығын айтайын, қолтаңбаға қарап, мі­­­незге баға береді емес пе? Біз саясатшы­лардың сондай қол­­­таң­баларын жинап, қасына мінез­­­демелерін келтірдік. «Айқын» газеті­­­­нің сол кезде бірден зы­­­мырап, ал­дың­­ғы қатарға шы­ғуы – бәрі жанталасқан ең­бек­­­тің арқасы. 

Газетті шығарарда қаріптерін таңдау үшін кітапханаға бардым. Қай қаріпті таңдаған дұрыс, оқыған кезде көздің тал­­­мауы үшін интервалдары қандай болуы керек деген сауалдардың жауабын ізде­дім. Мұның бәрін жасауда қасымдағы мықты қыздар мен жігіттердің көмегі көп тиді. Бәрі ынтамен жұмыс істеді. Біз уақытты дөп бастық. Сондықтан «Ай­қын» сол кездегі нөмірі бірінші га­­­зетке айналғаны рас. 

Ал енді журналистерге келейік. Жур­­налистің көбі көсіліп, кез келген мақала­­сын Алатаудың ар жағынан бастап, ол бер жаққа аман өтеді. Ал мен «Айқынға» ақ­­­парат саласынан келгем. Бес жыл бойы «Хабардың» қазанында қайнадық қой. Сондықтан мен ақпараттың өзегі деген нәрсенің не екенін жақсы түсінем. Бізге не­­­­ғұрлым ақпартты жазатын адам керек болды. Белгілі, жақсы жазатын журналис­­­­­терді шақырып, кәдімгідей жұ­мыс істей бастадық. Қарасақ жур­налистеріміз әлі ақпараттық деңгейге толық бейім емес екен. «Айқынның» стратегиясы ақпарат­­­­­­тық газет болуы керек еді. Ол кезде біздің қоғамға ең жетпей тұрған нәрсе – ақпарт­тық дүние. Жарнама да, ғылым да, филосо­­­фия да ақпараттан тұрады ғой. Ал біздің қоғамда сол ақпаратқа ілесу деген нәрсе ке­ші­­­­­­гіп жатты. «Айқынның» бірінші мақ­­­са­­­­­­ты – қазақи ақпаратты бірінші жеткізуге ұмтылу. Бірақ журналистер сол ақпаратқа бейімделуінің қиындығы туды. Өйткені бұрынан көсіліп жазып үйреніп қалған тілшілер ақпарат жазуға келгенде қиналды. Ақпарат жазу негізі қиын. Ақпаратта аз сөзбен мәселенің бәрін жеткізуің керек қой. Содан менен газеттің қашан шығуын сұрағандарға бір айдан кейін деп жауап бердім. Барлық журналист күнде редакция­­­­ға келеді, әр бөлімге жоспар жасалады. Бөлім редакторлары отырып ақылдасамыз. Жоспар бойынша материалдар жазылады, олар редакторлар оқығаннан кейін менің алдыма келіп түседі. Мен келген материал­­­­дарды қып-қызыл қарындашпен шимай­­­лаймын. Ғылыми стиль бар, репортаж сти­лі бар, спорттық стиль бар. Сондықтан ақпараттық стильге көнесіңдер немесе бұл жерде істей алмайсыңдар деп талап қой­­­дым. Оларға жиі «Сендер ешкімнің құлы емессіңдер, әрқайсысың тұлға болуға тиіс­­­­сіңдер» деп айтып отырып, еркіндік беруге тырыстым. Өйткені тұлғалардың газеті нашар бола алмайды. Өз аттарына жұмыс істесін деп «Айқын апта» деген етжеңді қосым­­­­шасында әр мақаланың қасына журналистің суретін шығара бастадық. Басқа газеттерде кадр алмасуы деген мәсе­ле болады. Бізде ондай жоқ. Өйткені жур­налистерді байқап, жазуға ыңғайы кел­мей жатқандарды басқа бөлімге ауыстырып отырдым, басқа бөлімде олар жаңа қыры­нан ашылып жазатын еді. Әр журна­лист өз жұмысына, қателігіне өзі жауап беру керек. Стилист-редактор деген сияқты тағы бір­­қатар мамандық иелерін алдырып таста­­­дым. Өйткені газет ақпараттың жылдамды­­­ғына жұмыс істеуі керек. Міне, «Айқын» газеті осындай ақпарттық жыл­­­­дамдықты игеру қиындығынан басталды. Солай біз бір ай себетке жұмыс істедік. Күнделікті тың идея іздедік, жаздық, бірақ типогра­­­фияға кетпейді. Сөйтіп, газет әбден піскен кезде ғана барып 6 наурызда тұңғыш газет шықты. Таңғы алтының шамасында, бәріміз типографияда жүрміз. Бір уақытта тұңғыш газет шықты. Қалдаяқов көшесінің бойында айқайлап келе жатырмыз, қазаққа тұңғыш жақсы бір газет келді деп айқайлап, қуанып келе жатқан сәтіміз есімде. Мұның бәрі ең бірінші Ерлан Бекхожиннің қол­­­­дауы­ның арқасында, сондықтан ол кісіге ерекше алғысымды білдіремін. Біз бастаған істі публицистикалық деңгейде биікке көтерген Бауыржан Омаров пен Нұртөре Жүсіптің еңбегін атап өтпеске болмас. 

Бірде редакцияда сұмдық өрт шықты, оған ешкім жақындай алмайды. Біз алыс­­­тан қарап тұрмыз ғой, іште біреу жүгіріп жүр. Сөйтсек, ол – Мақсат Әділханов де­­­­­­ген жауап­­­­ты хатшымыз екен. Редакция­­­­­ның бүкіл архиві сақталатын дискіні ала­­­мын деп өрттің ішіне кіріп кеткен. Соның арқасында  «Айқынның» біраз жылғы архиві сақталып қалды. 

Газет – ойдың ақпараты. Сондықтан газеттің заманы өтіп кетті дегендер қате­­­­­ле­­­­­седі, өздері көп нәрседен қалып жатыр, га­­­­­­­­­­­­­­­­­­зеттегі ақпарат жоқ болып кетпейді. Біз­­­дің газеттің стратегияларының бірі – бірін­­­­ші көркемдік жағы емес, ақпараттың жыл­­­­­дам­­­дығы. Міне, біз сол заманда отырмыз. Мүм­­кін, тілдің көркемдік жағынан ұтылған шы­­­ғармыз, бірақ заманның талабы басқа болып отыр. Сондықтан еріксіз сондай құр­­­­­­бан­­дыққа баруға тура келді. Егер ақпа­­­­раттан кешігетін болсақ, біз бәрінен кеші­­­­геміз. Эволюция, статистика, реформа, техноло­­­­гияның өзі ақпараттан басталады. Осылардан ұтылсақ ешқашан алға шық­паймыз. 

Қазіргі «Айқындағы» әріптестерімді, ізбасарларымды 20 жылдық мерейтоймен шын жүректен құттықтаймын. Бір кездері біз бастаған жұмысты ілгері қарай алып жүре берсін, ақпарат саласының туын жық­паса екен. «Айқын» газетін енді ғылымның, ілім­нің газетіне айналдырса екен деген менің арманым бар. Өйткені қазір бізде ғылымға қажеттілік туып отыр. Ақпараттың қажетін тауып, оқырманға жылдам жеткізе білу – ең басты міндет. Менің ізбасарларым соны атқарып отыр деген ойым бар. 

Серік ЖАНБОЛАТ,

«Айқын» газетінің 2004-2007 жылдардағы

бас редакторы