Елбасы Сириядағы жағдайды тұрақтандыру үшін Астана процесінің жалғасуы маңызды екенін айтты
Елбасы Сириядағы жағдайды тұрақтандыру үшін Астана процесінің жалғасуы маңызды екенін айтты
© elbasy.kz
253
оқылды
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевпен кездесті, - деп хабарлайды Елбасының ресми сайты. Кездесуде Елбасы Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша екіжақты қарым-қатынастың деңгейі жоғары екенін атап өтті.
– Біз Сізбен ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп келеміз. Әрқашан тіл табысып, арамызда түсіністік орнадыМен Президент ретінде өкілеттілігімді тоқтатқанымды білесіз. Енді мен заң бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы мәртебесіне ие болдым. Екеуміз тағы да әріптес болдық. Сондықтан, жұмыс істейік, сыртқы саясат бойынша пікір алмасайық,  деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Өз кезегінде Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары мемлекетаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын айтты.
– Менің әрбір жаңа мемлекеттік қызметім сыртқы саясат тұрғысынан Қазақстанға сапармен басталып келеді. Ол кездейсоқтық емес. Бұл біздің одақтастық қатынасымызды білдіреді, сонымен қатар, Сізге деген құрметімнің белгісі,  деді Д.Медведев.
Әңгіме барысында Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы кеше Мәскеуде өткен Ресей мен Түркия көшбасшыларының Сирия мәселесі бойынша келіссөздерінің қорытындысын қолдайтынын айтты. Елбасы мүдделі тараптардың Сириядағы жағдайды тұрақтандыру үшін Астана процесінің жалғасуына бейілділігі айрықша маңызды екенін атап өтті. Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведев Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасы көрмесінің экспозицияларымен танысты.