Гиннеске енген Аружан

Тарих қатпарында бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеген батыр аналарымыз аз емес. Сонау Томиристен бастасақ, бертін келе Мәншүк, Әлия, Ләззаттардың ерлігі кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге.

Бүгінде қаһарман қыздарымыздың ізін жалғап келе жатқан қаракөздеріміз баршылық. Соның бірі – Жамбыл облысының тумасы Аружан Миравилдаева. Күні кеше Аружан түйе үстінде жамбы атудан еліміз бойынша тұңғыш рет Гиннес рекордтар кітабына енген ару атанды.

Аружан бала кезден жылқыға жаны құмар. 5 жасынан бастап атқа мініп, асау­ларды қолға үйреткен. Оның ай­­­туын­­­ша, жуас жылқыдан гөрі асауды ыр­­­­қыңа көн­діру ерекше әсер сыйлайды екен. 

– Бала кезден жылқы малын ерекше жақсы көремін. Малды ауылда өскен­­­­­дік­­тен, көзімізді ашқаннан көргеніміз төрт түлік болды. Сондықтан 5  жасымнан бастап атқа мініп, асау тайларды өзім жуасытып алатынмын. Жуас жылқыға мінуге бәрі де әуес. Мен керісінше, жуас жылқыны тебініп қам­шылай бергеннен гөрі асауды шалма тастап ұстауға аңсарым ауа­­ды да тұрады. Өз басым жылқының мінез-құлқын алғаш тізгіндеп мінгеннен-ақ байқай қоямын. Маған жануарлармен тіл табысқан ұнайды, – дейді Аружан. 

19 жастағы қаракөзіміз қазір Қазақ ұлттық педагогикалық қыздар универ­­­­­ситетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алуда. Одан бөлек, Алматы қаласы шетіндегі «Топжар­­­­­ған» этноөнер орталығында асау жылқы мен түйе үйретіп қызмет етуде. 

– Былтырғы жылы Алматы қаласын­­­дағы Қазақ ұлттық педагогикалық қыздар университетіне оқуға түстім. Оқу орнында оқып жүр­генімде маған «Топ­­­жарған» эт­­ноөнер орта­­лығының бас­­­шысы Ғабит Таң­атов ха­­­­бар­ласып, жұ­­­мысқа шақырды. Мұнда өзім­­нің сүйікті ісім­­­­мен айна­­­­лыса­­­­тын болған­­­­­дықтан, бір­ден ке­­лістім.  

2023 жылдың жаз айында орталыққа Шым­­­­­­­кенттегі Созақ ау­да­­­­нынан екі асау түйе алып келдік. Ол түйе­­лерді үйрету ке­­­­рек болған соң ауылдан өзімнің атамды ша­­­қырттым. Атам түйенің мұ­­­рындығын салып, оны қалай үйрету керегін көр­сетті. Кейін сол орта­­­­­­­лықтағы ша­­бан­доздар бо­­лып екі түйені мініп, үйретіп алдық. Есе­­­сіне сол уақыт аралығында мен садақ атуды да үйреніп, жамбы атып жүрдім. Ептілігімді байқаған орталық басшысы  маған түйе мініп, садақ атуды байқап көруге кеңес берді. Алайда бұл оңайға соқпады. Жам­­­быны жылқы үс­­­тінде ату үй­­реншікті нәрсе бол­­са, ал түйемен жамбы ату­дың қиын­шы­­лығы көп болды. Содан секун­дына дейін есептеп үш жарым ай жаттықтым. Сан мәр­­­­­те тү­йеден де құ­­ладым. Алай­­­да ал­­­ған бе­­тім­­нен қайт­­­­пай, соңы же­­­­тіс­­тікке жет­­­тім, – дей­ді қара­­­­­­көзіміз. 

Аружан түйе үс­­­тінде ара­қа­шықтығы 30 метр бо­латын 3 ны­­­­санды 12 се­­кундта дөп атып, рекорд ор­­натқан. Сол ше­бер­лігі үшін Гин­­­нес ре­­кордтар кітабына енген Қаза­қ­­­стандағы алғаш­қы адам атанып отыр. 

– Маған «Қазақ­станда тұңғыш» деген сөздің өзі үлкен жетістік. Се­бебі түйе тұр­­­­­­­­­мақ, жыл­­қы үс­тінде жам­бы ата­­­­­тын қыздар қазір өте сирек. Сон­дықтан қа­зақ ұлты үшін түйемен садақ ату­­дың қандай қадірлі екенін ұлық­­тай алсам, одан асқан бақыт жоқ. 

Алдағы уа­­қыт­­­­­­­­та ше­­бер­лі­гімді тағы шың­­­­­­­­­дай түссем деп отыр­­­­­­­­мын. Сон­дай-ақ биыл Астана қа­­ла­сында өте­тін V  Дү­ние­­жү­­­­зі­­­­лік көш­­пенділер ойы­нына қатысып, ел намысын қор­ға­­­­­­мақпын, – дейді Аружан. 

Иә, сөз жоқ, Аружанның бо­йы­ндағы қайсарлық қандай мақ­тауға да лайық. Әрі бұл бү­гінгі буынға үлгі-өнеге екені даусыз. Аружан жылқы мен түйе бап­таудан бөлек, құсбегілікпен де айна­лысады. Қолына қыран қон­­­­дырған қара­көзіміз бір­­неше жарысқа қатысып, жүл­­делі орындарға іліккен. Алай­­да Ару­­­­­­­­­жанның өзі жыл­­қымен жаны бір екенін айта­­ды. Егер бірер күн жылқыға мін­­бей қалса, басы ауырып, жа­­­­­­­­­быр­­­­­­қаулы күйге түседі екен. Ал ат­қа қон­са, барлық қайғы мен мұңды ұмы­тады. 

– Меркі ауданында тұрып жатқан кезімізде қой да бақтым. Сол кезде ұғы­­­­н­ғаным жылқы малдың төресі екен. Жыл­қыға мініп жапан далаға қанатымды жайып шабуға аңсарым ауады да тұрады. Оған қоса, жылқымен жаның бір болса, оның тілін де ұғасың. 

Ауылда «Император» есімді сәйгүлігім бар. Сол Император мені қандай қиындық болса да тастап кеткен емес. Қыс айларын­да боранда қалып кетсек, менімен бірге болып, ауылға жол тауып келіп, талай аман алып қалды. Сондықтан мен Қамбар ата түлігіне қарыздармын десем де бола­­­ды, – дейді Аружан. 

Аружан төрт түлікке қатысты бар өнер­ді атасынан бойына сіңіріп отыр. Қазір ол қой сойып, еркекке тән тірлік­­­­­­терді де жасай береді. Қой сою бойынша додаға түсіп, ол жерде де өз шеберлігін танытқан. 

Кейіпкеріміздің өзі болашақта актриса болуды армандайды. Тұлпарымен тарихи киноларға түсуді алдына мақсат тұтқан. Біз Аружанның арманына жетіп, ел атын таны­татын ару болып өсуін тілейміз. Әрі қазақ­тың осындай қайсар қыздарынан өзге қаракөздеріміз үлгі алса игі. 

Саятхан САТЫЛҒАН,

Жамбыл облысы