Елордаға Сеулден 178 жолаушы ұшып келді
Елордаға Сеулден 178 жолаушы ұшып келді
© elements.envato.com
218
оқылды
Нұр-Сұлтанға Сеулден 178 жолаушы ұшып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Келгендердің ішіндегі 93 қазақстандық стационардағы карантинге жатқызылады, транзит жолаушылар өзге елдерге кетеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты.
"Бүгін қазіргі уақытта елорда әуежайына Сеул - Нұр-Сұлтан борты ұшып келді. Жалпы 178 адам, оның ішінде 85 адам транзитпен келген, Ресей - 31, Өзбекстан - 51, Грузия - 3 жолаушы. 93 қазақстандық бар, олардың екеуі бала. Олардың барлығы Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық орталықтарға жеткізіледі", - деді брифингте Ахметшәріп. Жол-жөнекей жолаушыларды өз елінің борттары әкетеді екен.