Сауд Арабиясы шетел азаматтарына 15 сәуірден бастап қайтадан виза бере бастайды, - деп хабарлайды «Хабар 24».
Тізімде біздің де ел бар. Бұған дейін алынған визалар мен әуе билеттері күшін жоймайды. Еске салайық, корольдік билігі коронавирустың таралуына байланысты 27 ақпан күні туристер мен қажылыққа келгендерді шекарадан кері қайтарып, елге ешбір шетел азаматын кіргізбейтінін хабарлаған еді.
Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, Сауд Арабиясында қазір 200-ден астам қазақстандық қажылық парызын атқарып жүр. Олар ұмраға барған кезде «COVID-19» вирусының қаупі қазіргідей жоғары болмаған.
– Сауд Арабия тарапы ресми түрде 15 сәуір күні шекараны ашамыз деп мәлімдеп отыр. Ол жерде қандай мемлекеттерге виза береді, ол әлі белгісіз. Бізге аша ма, ашпай ма белгісіз. Жалпы 18 сәуірден бастап ашатыны айқын, - дейді ҚМДБ қажылық бөлімінің меңгерушісі Жанділдә Бекжігітов.