Коронавирус өндіріске кедергі келтірмеуі тиіс
Коронавирус өндіріске кедергі келтірмеуі тиіс
5,227
оқылды
Қазақстан Президенті «Қазмұнайгаз» ҰК акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Алик Айдарбаевты қабылдады. Бұл жөнінде Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.  Мемлекет басшысына ұлттық мұнай-газ ком­па­ниясының 2019 жылғы жұмыстарының қоры­тын­дылары және алдағы кезеңге арналған даму жоспары жөнінде баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қазмұнайгаз» ҰК ак­ционерлік қоғамының қатысуымен жүзеге асы­рылып жатқан ірі инвестициялық жобалар, әлем­нің көптеген еліне  коронавирус індетінің та­ралуына байланысты компанияның қабылдаған шара­лары туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар ком­па­нияда қызметкерлердің шетелдік іссапар­ларына шектеу қойылып, өндіріс орындары мен офистерде алдын алу шаралары қабылдан-ған. Мемлекет басшысы вирустың өндіріс үдері­сіне және инвестициялық жобалардың жүзеге асы­рылуына кері әсерін азайту жөнінде шаралар қабыл­дауды тапсырды.