Nur Otan партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында аймақтағы ардагер аналарды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Жалпы, облыс бойынша қазіргі танда 8 ардагер ана бар. Олардың бірі – Тасқала ауданының, тағы біреуі – Байтерек ауданының тұрғыны. Ал Орал қаласында 6 ардагер тұрады. Сонымен қатар облыс бойынша 100 жастан асқан 5 кейуана бар. Олардың біреуі – Сырым ауданының тұрғыны, ал қалған төртеуі – Орал қаласында.
Айта кетейік, облысымыздың аудандық жерлерінде де Nur Otan партиясының филиалдары Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетуде.
А.ЖАСАНҰЛЫ