Мемлекет басшысы 2022 жыл­ғы 16 наурыздағы Жолдауында жаңа қо­ғамдық институт – Ұлттық құ­рыл­тай құруды ұсынған болатын.
Тарихи-мәдени құндылықтарымызға ерекше мән берілді
585
оқылды

Міне, сол уақыттан бері Ұлттық құрылтай мү­шелері үшінші рет бас қосып отыр.  

Алғашқы басқосу Ұлы­тауда өтті. Президент: «Құ­рыл­тай шақыру – ертеден келе жатқан ата дәстүріміз екенін жақсы білесіздер. Бабаларымыз маңызды мәселелерді осындай алқалы жиында талқылаған. Халық өзара ақылдаса отырып, бір тоқтамға келген. Мұндай шешімдер бүкіл елді біріктірген», – деп ұлт тағдырын шешкен құрылтайлар болғанын атап өтті. 

Алғашқы құрылтайдың отырысында алдымен жал­пыұлттық бірлікті нығайтуға, реформалардың мән-маңызын халыққа түсіндіруге және жаңа технологиялар арқылы халықты ауқымды реформаларға қатыстыруға ерекше мән берілді.  

Осы алғашқы жиында Мемлекет басшысының бастамасымен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі беріліп, қазанның 25-сі жыл сайын еліміздің басты мерекесі – Егемендік күні аталып өтуде. 

Ал екінші құрылтайымыз 2023 жылдың 17 маусымында түркі елінің астанасы атанған – Түркістан шаһарында өтті. Көптеген келелі ой айтылып, мемлекеттік нышандарды жетілдіруге, ұлты­мыздың тарихи сана-сезімін жаңғыртуға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ мәдени мұрамызды жан-жақты дәріптеуге мән берілді. Өскелең ұрпақтың тәрбиесі, оның ішінде жастар ара­сын­дағы құмарлыққа айналған теріс пиғылдар мен нашақорлықтың алдын алуды тапсырды. 

Бүгінгі мұнайлы астанамыз – Атырауда ұйымдастырылған жиында  Президентіміз тарихи-мәдени құндылықтарымызға ерекше мән беруде. 

Мемлекет басшысы Әз-Наурыздың мәртебесін көтеріп, мазмұнын байыта түсу керектігіне тоқталды. 

«Мысалы, Көрісу күнінен басталатын мейрам кезінде әр күн­нің өз атауы болады. Соның бірі Ұлттық киім күні деп аталады. Басқа жұрт қазақты киімінен танитын болуы керек. Мен былтыр ауызашар берген кезде осы мәселеге арнайы тоқталдым. Кейбір ірі компаниялар мен оқу орындары ұлттық нақышта киіну үрдісін енгізіп жатыр. Бұл – өте орынды бастама, оны қолдап, ауқымын кеңейте түскен жөн. Әсіресе, қазір мұндай қадамдардың мән-маңызы айрықша. Себебі соңғы жылдары ел ішінде қара киініп, тұмшаланып жүретін адамдар пайда болғаны баршаңызға мәлім. Олар – бөтен емес, өз азаматтарымыз. Халқымыздың дүниетаны­мын­да қара киініп жүру деген атымен болмаған. Бұл – еліктеушіліктен, әсіре-діншілдіктен туған үрдіс. Біз салт-дәстүрімізден ажырамауымыз керек», – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұлықбек ТҰМАШИНОВ,

Парламент Мәжілісінің депутаты