«Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақстандықтар туралы сенімді ақпарат алатын ұлттық платформа, яғни толық электронды дерекқор әлі күнге дейін жасақталмады. Миллиондаған адамның өмірін жалмаған, тағдырын талқан еткен Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына келесі жылы 80 жыл толады. Сарапшылардың пайымдауынша, майдангер ата-бабасын іздеуші ұрпақтың саны 2 млн адамнан асады екен. Майдангерлерге қатысты негізгі құжаттар мен деректер – Ресейдің мұрағатында. Сондықтан соғысқа қатысқандар туралы барлық ақпаратты қамтитын ресми ұлттық плафторма керек», – деді Еділ Жаңбыршин.
Депутат сұрапыл соғыста ерлік көрсеткен батырларға «Халық қаһарманы» атағын беру үрдісін жалғастыруды, олардың есімдерін елді мекендерге, көшелерге, мектептерге беруді, ескерткіштерді жаңарту, ұлттық плафторма жасату және Президент жанынан арнайы комиссия құруды ұсынды.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА,
Атырау қаласы