Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Көктайғақ, тұман: Ауа райына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды
Фото: pexels.com
977
оқылды

Қазгидромет 20 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, Жетісу облысының таулы аймақтарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда облысының шығыс бөлігінде қатты жаңбыр, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Алматы облысының батысында, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, 21-22 наурызда облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с.

Алматыда таңертең және күндіз, 22 наурызда түнде және таңертең кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, күндіз көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде 15-18 м/с. 

Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың орталығында екпіні 15-18 м/с. 

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі. 

Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.