Синоптиктердің болжамы бойынша, елдің бірнеше өңірінде тұман түсіп, жауын-шашын, көктайғақ болады.
Тұман түсіп, көктайғақ болады: 22 наурызға арналған ауа райы болжамы
Фото: kaz.caravan.kz
3,603
оқылды

"Қазгидромет"  синоптиктері ертең, 22 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Түркістан облысының таулы аймақтарында нөсер жаңбыр жауады. Кей уақыттарда найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады.

Шымкентте найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман.

Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде көктайғақ болады.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Абай облысының оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні секундына 15-20 метр болады.

Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Жетісу облысының таулы жерлерінде кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол жауады, тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Қостанай облысының батысында, оңтүстік-шығысында тұман түседі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман болады.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.