Облыста ең алдымен Жаңаарқа ауданында жылқылар жаппай қырылған, – деп Orda_kz-ке сілтеме жасап, Аikyn.kz хабарлайды.
Күні кеше облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы Жаңаарқа өңірінің диқандарымен кездесіп, наурыз айының соңына дейін ауыл әкімдері мен мал дәрігерлері өлген жылқылардың нақты санын анықтайтынын сендірді.
«Өлген жануарлардың түпкілікті санағынан кейін, қолдау шаралары көрсетіледі. Өңірдегі малдың қырылуы бәрімізге сабақ болуы тиіс», – деді әкім.
Ол өткен жылы облысқа бөлінген 1,4 миллиард теңге субсидияның 749 миллионын Жаңаарқа ауданының шаруалары алғанын еске салды. Бұл қаржы 2023-2024 жылдардағы қысқы мал азығын алуға бөлінген. Әкім малшыларды мал басын есепке алудан қашпауға шақырды. Біріншісі қаражатты есепке алуға көмектессе, екіншісі жоғалған малды қайтаруға көмектеседі. Қазір өлген малдың 968 өлексесі анықталды.