Мереке күндері полицейлер күшейтілген режимде қызмет етіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Polisia.kz-тің жазуынша, Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдай отырып, өңір тұрғындары мен қонақтарының тыныштығын күшейтілген режимде қорғап жатыр. Автопатрульдер мен полицияның кешенді күштерінің жаяу жасақтары жаппай мереке тойлау орындарына жақын орналасқан.
Кезекші бөлімдер күшейтілген режимде жұмыс істейді. Бейнебақылау камераларының көмегімен жедел басқару орталығының инспекторлары нарядтардың қозғалысын бақылап, полицейлерді олардың көмегін қажет ететін жерге жібереді.
Облыс орталығында «102» арнасына шулы көршілер, тұрақ ережелерін бұзу, сондай-ақ демалушы адамдар арасында қарт адам немесе бала жоғалғаны туралы қоңыраулар келіп түсіп жатыр. Полиция әрбір шақыруға жедел қызмет көрсетеді. Барлық жағдайда адамдар бір сағаттан аз уақытта аман-есен табылып жатады.