«Қазақстан Мәскеудегі бейбіт азаматтарға қарсы террористік актіні қатаң айыптайды», – деп мәлімдеді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Крокус Сити Холлдағы атыс: Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтты
Фото: Ирина Вельматова/ТАСС
1,127
оқылды

Мемлекет басшысы терроризмді мүлде ақтауға болмайды деп санайды. Ол БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді жазықсыз азаматтарға қарсы зорлық-зомбылықтың бұл түріне бірауыздан қарсылық танытуға шақырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президенттің тапсырмасы бойынша, қажет болған жағдайда, Қазақстанның құқық қорғау органдары ресейлік әріптестеріне көмек көрсетеді.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті лаңкестік әрекет кезінде азаматтардың қаза табуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты.

Айта кетейік, Мәскеуде Қазақстан азаматтары үшін жедел желі іске қосылды.