Акцияға қатысушылардың әрқайсысы елордада тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге өз үлесін қосты.
Астанада «Тазару» жалпыұлттық акциясы өтті
Фото: gov.kz
942
оқылды

Астанада «Тазару» ауқымды жалпыұлттық акциясы өтті. Оған 35 мыңға жуық қала тұрғыны, еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар, бизнес өкілдері, жастар, еріктілер, аудан белсенділері қатысты,  деп хабарлайды  Aikyn.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Акцияға қатысушылардың әрқайсысы елордада тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге өз үлесін қосты. Қала тұрғындары бүкіл кіреберістер мен өз ауласын тазарту үшін шықты.

Мердігерлік ұйымдар шағын сәулет нысандарын, ескерткіштер мен мүсіндік құрылыстарды, қоқыс алаңдары мен контейнерлерді жуу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Қаланы жалпы жинау кезінде бес ауданның әрқайсысында аялдама кешендерін, тротуарларды, қоршауларды, жарықтандыру тіректерін жуу және тазалау жұмыстары жүргізілді. Акция аясында аулалар мен көшелер, сондай-ақ арықтар қар мен қоқыстан тазартылды.

Елордада жалпы 60 мыңға жуық тонна қоқыс жиналып, шығарылды. Тазаланған аумақтың ауданы 52 млн шаршы метрден асады.

Іс-шараға 1 000 арнайы техника бірлігі және 2 300 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Полигонға барлығы 60 мың тонна қалдық шығарылды.

Биыл Қазақстанда Наурыз 10 күн бойы аталып өтіп жатыр. 23 наурыз Наурызнаманың онкүндігіндегі тазарту және жаңару күні деп аталды.