Футболдан Қазақстан құрамасының Грекиядан ойсырай жеңілгені отандық MMA шебері Қуат Хамитовке ауыр тиді.
Менің сөзіме құлақ асқанда, мұндай масқара болмас еді – Қуат Хамитов
2,988
оқылды

Қазақстан футболын жылдар бойы сынап келген спортшы жеңіліске не себеп болғанын өзінше топшылады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Егер соңғы 8 жылдан бері біреу менің айтқан сөзіме құлақ асса, бүгінгі масқара болмас еді. Бізді бүкіл әлем алдында өлтірді. Иә, олар бізге мұны мемлекеттің имиджі үшін деп алдап келді, бірақ бұл жай ғана бюджет ақшасын тонау еді. Менің айтқандарымды істесемеңдер, Қазақстан футболының болашағы жоқ»,  деді Хамитов өзінің Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Ұлттар лигасының жартылай финалында Грекиядан 0:5 есебімен жеңілген соң, Еуропа чемпионатына берілетін жолдамадан да қағылды.