Онда бірқатар маңызды кездесулер жоспарланған.
Ерлан Қошанов Швейцарияға барды

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Қазақстан Парламентінің делегациясы Швейцария Конфедерациясына Парламентаралық одақтың 148-ші ассамблеясына қатысу үшін ресми сапармен барды.

Сондай-ақ Швейцария Конфедерациясына ресми сапар аясында Мәжіліс Спикері  мен Швейцария Конфедерациясы Федералды Жиналысының Ұлттық кеңесінің төрағасы Эрик Нузбаумермен және Федералдық кеңесші, Швейцария Конфедерациясының сыртқы істер министрі Иньяцио Кассиспен Бернде екіжақты кездесулер өткізу жоспарлануда.