24 наурызда Қарағандыда көппәтерлі тұрғын үйлердің біріндегі пәтерден өрт шыққан.
Қарағандыда пәтер өртеніп, бір адам қаза тапты
www.pexels.com
354
оқылды

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 24 наурыз күні болған. Сағат 17:48-де ТЖД кезекшісінің пультіне бес қабатты тұрғын үйдегі пәтердің өртенгені туралы хабарлама түскен. Бес адам құтқарылылып, бір адамның денесі табылды. 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 24 наурыз күні болған. Сағат 17:48-де ТЖД кезекшісінің пультіне бес қабатты тұрғын үйдегі пәтер өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен. 

"Құтқарушылар бригадасы өрт орнына келіп, бес азаматты, оның ішінде екі баланы құтқарды. Сондай-ақ, өрт сөндірушілер тағы бес адамды эвакуациялады. Жергілікті жерде отты жоюға жеке құрамның 30 адамы және 7 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сағат 18:19-да жойылды. Өрттің алдын-ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Өрт орнында 1953 жылы туған ер адамның денесі табылды", – делінген хабарламада.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.