Алғашқы су тасқыны кеше, 25 наурызда Арқалық елді мекенінде болған.
Қостанай облысындағы Амангелді ауылы су астында қалды
Фото: tobolinfo.kz
889
оқылды

Қостанай облысында Амангелді елді мекенін су басты, - деп хабарлайды  Aikyn.kz ТоболИнфоға сілтеме жасап.

Алғашқы су тасқыны кеше, 25 наурызда Арқалық елді мекенінде болған. Тұрғындардың айтуынша, елді мекенде 18-ге жуық құтқарушы жұмыс істеп жатыр, бірақ олардың күші жеткіліксіз. Тұрғындар жергілікті билік су тасқынына дайын болмағанын айтады.

Қазір су үйлерге, малға қауіп төндіріп отыр. Тіпті қорадағы қозылар су тасқынының құрбаны болған. Ауыл тұрғындары өзге де мүлкіне алаңдаушылық танытып отыр.

«Адамдар дүрбелеңге түсті. Жергілікті билік су тасқынына төтеп бере алмайды. Орталық көшелердің бірі Сейфуллиннің барлығы суда, екі мектеп бар», - дейді тұрғындар.