Қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Аягөз ауданының әкімдігі жергілікті ауқымда төтенше жағдай жариялады.
Абай облысының бір ауданында төтенше жағдай жарияланды
Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
4,728
оқылды

Абай облысына қарасты Аягөз ауданының әкімдігі жергілікті ауқымда төтенше жағдай жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Аягөз ауданында жергілікті маңызы бар «Аягөз-Бозай» автожолының 20 шақырымында Аягөз өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты көпірдің жол төсемі шайылып кетті. Қазіргі уақытта көпір арқылы көлік қатынасы тоқтатылған. Сонымен қатар, басқа айналма көлік жолдары арқылы елді мекенмен байланысты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде», – делінген облыстық әкімдік таратқан хабарламада.

Қазіргі кезде Полиция департаментінің қызметкерлері шектеу белгілерін қойып, кезекшілік ұйымдастырып жатыр.

«Халықты Аягөз өзені арқылы өткізуді жүзеге асыру үшін ТЖД қызметкерлері жіберілді, олар қажет болған жағдайда жүзу құралдарының көмегімен өткелдік жұмыстарды жүзеге асыратын болады», – делінген хабарламада.

Қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Аягөз ауданының әкімдігі жергілікті ауқымда төтенше жағдай жариялады.