Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтіргенін мойындамады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Сот отырысы тікелей эфирде көрсетілді.
"Кінәмді мойындамаймын. Маған соталды тергеуде де, ешқай жерде өз оқиғамды айтып беруге мүмкіндік берілмеді. Прокурор айтқан айыптар көбіне куәгерлері жоқ сөздер. Сондықтан Қылмыстық кодекстің 110-бабы бойынша қылмыс жасаған жоқпын. Кінәмді мойындамаймын", – деді Бишімбаев сотта.
Айта кетейік, Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған:
99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы (аса қатыгездікпен адам өлтіру);
110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (қинау).
Туысы Бақытжан Байжановқа Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған:
432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу);
434-бабы (аса ауыр қылмысты хабарламау).