Келесі сот отырысы 2024 жылғы 29 наурыз сағат 10:00-ге белгіленді.
Бишімбаев ісі бойынша келесі сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды
Фото: Астана соты баспасөз қызметі
495
оқылды

Азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша келесі сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша алқабилер алқасының қатысуымен алғашқы отырыс өтті.

Отырыс тікелей эфирде көрсетілді.

Отырыста мемлекеттік айыптау тарапы іс бойынша айыптау актісін оқыды.

Келесі сот отырысы 2024 жылғы 29 наурыз сағат 10:00-ге белгіленді.

Сотта Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтіргенін мойындамады.

"Кінәмді мойындамаймын. Маған соталды тергеуде де, ешқай жерде өз оқиғамды айтып беруге мүмкіндік берілмеді. Прокурор айтқан айыптар көбіне куәгерлері жоқ сөздер. Сондықтан Қылмыстық кодекстің 110-бабы бойынша қылмыс жасаған жоқпын. Кінәмді мойындамаймын", – дейді Бишімбаев сотта.