Қала бойынша су айдау жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр.
Атырауда  тұрғын үйлер су астында қалды
Фото: zhaikpress.kz
4,197
оқылды

Толассыз жауған жауын салдарынан Атырау қаласының жолдары мен көшелерін, сондай-ақ жеке тұрғын үй секторларын  су басып қалды.

Қала бойынша су айдау жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. «Арнайы авто база» ЖШС автокөлікті пайдалану бөлімінің басшысы Әлішер Нұруллиннің айтуынша, қалада су айдау жұмыстары екі ауысымда жүргізіліп жатыр. 

«Түнгі ауысымда 46 машина жұмылдырылып, 9 300 текше метр су сорылды. Қазіргі уақытта 12,8 мың текше метр су сорылды. 40-тан астам машина екі ауысымда қарқынды жұмыс істеп жатыр. Жұмысты орындау кезінде халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, орталық көшелер мен қоғамдық орындарға басымдық беріледі. Қазіргі уақытта Сарықамыс, Мирас, Өркен, Балауса шағын аудандары, Чехов, Гагарин, Тайманов көшелері тазаланып жатыр», - деді А.Нұруллин.

26-27 наурыз аралығында бірыңғай байланыс орталығына 109 су соруға қатысты 1 708 қоңырау түскен.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА