Су астында қалған Ақтөбе әуежайының жұмысы жанданды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар күні бойы әуе айлағының аумағында су айдау жұмыстарын жүргізген.
«ТЖМ күшімен Ақтөбе әуежайының жұмысы қалпына келтірілді. Күні бойы әуе айлағының аумағында Ақтөбе өңірінің құтқарушылары су айдау жұмыстарын жүргізді. Жергілікті атқарушы органдар өз кезегінде облыстық маңызы бар автожол учаскесін жасанды түрде жарып жіберді. Бұл жинақталған еріген суды ағызуға мүмкіндік берді. Себебі баламалы айналма жол бар», - делінген мәліметте.
Бүгін таңда су тасқынына байланысты әуежай жұмысын тоқтатқаны жөнінде хабарланған болатын.