Рамазан – мейірімділіктің, қайырымдылықтың, сабырлықтың, кешірімділіктің және өз-өзіңе есеп беру айы.
Қан алдыру, беттен сүю, тіс пастасын қолдану оразаны бұза ма?
Фото: pexels.com
17,776
оқылды

Рамазан айында оразаға қатысты жиі қойылатын сұрақтар бар. Осы орайда muslim.kz оқырманды толғандырған бірқатар сауалдың жауабын жариялады.

Рамазанда қан алдыру оразаны бұза ма?

Ораза ұстаған адамнан қан алдыру оразаны бұзбайды. Өйткені, ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.у) аузы берік бола тұра қан алдыртатын болған. Сахих Бухариде риуаят етілген хадисте сахаба Абдулла ибн Аббас (р.а.) былай дейді:«Алланың Елшісі (с.ғ.у.) аузы берік бола тұра хижама[31] жасататын»[32].

Әйтсе де, аузы берік адам қан алдыртқанда әлсіреп, ораза тұтуы қиындап кететініне көзі жететін болса, оған қан алдыру мәкрүһ болып саналады. Бұл жайында сахаба Әнәс ибн Мәликтен (р.а.) бір кісі: «Сендер аузы берік кісіге қан алдыруды (хижама) құптамаушы ма едіңіздер?» – деп сұрағанда, сахаба: «Егер әлсіздік тудырған болса, біз оны құптамайтынбыз»[33]– деген екен.

Оразада тіс пастасын қолдануға бола ма?

Ораза ұстаған адам ауызын тазалауын болады. Тіпті Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Аузы берік кісінің тіс тазалағышы ол – мисуак», [16] - деген. Десе де, шариғатта аузы берік кезде себепсіз бір нәрсенің дәмін тату не шайнау- мәкрүһ, яғни ұнамсыз іс [17]. Бұған байланысты кей ғалымдар тіс пастасын қолданарда ішке кетіп қалмауын қадағалағанмен, оның дәмі, бәрібір, ауыз қуысында ұзаққа сақталып қалады. Сондықтан ораза ұстаған адамға тіс пастасы да мәкрүһ деген пікірде [18]. Алайда «оны қолдануға рұқсат. Тек ішке кетіп қалмауына көңіл бөлсін» деген ғалымдар да жоқ емес [19].  Ендеше, ішке кетіп қалу ықтималдығы болғандықтан, ауызы берік кезде тіс пастасын қолданбаған абзал. Ал, қолданғысы келген кісілер, ішке кетіп қалмау жағын қатаң ескергені жөн. Себебі, ол ішке кетіп қалса, оразаны бұзады.

Рамазанда беттен сүйсе, ораза бұзыла ма?

Аузы берік кісінің беттен сүюі оразаны бұзбайды. Себебі Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ауызы берік бола тұра әйелдерін сүйетіндігі Айша анамыздан жеткен[7].

Бұл жерде ескере кететін жағдай, егер әйелін сүйгенде шәует бөлініп кетпейтініне және жыныстық қатынасқа түсіп қоймайтынына сенімді болса, онда сүюіне рұқсат. Ал оған сенімсіз болса – мәкрүһ [8].