Сотта қылмыс болған жерде жұмыс істеген қызметкер куәгер ретінде жауап берді.
"Бишімбаев қолына пышақ ұстап жүрді": Мейрамханада бармен болып жұмыс істеген жігіт не көргенін айтып берді
Фото: Жоғарғы сот
929
оқылды

Бүгін бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында тағы бір куәгерден жауап алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Сотта қылмыс болған жерде жұмыс істеген қызметкер куәгер ретінде жауап берді.

"Сағат 19.00 шамасында Байжанов телефоныма хабарласып, BAU мейрамханасына көтерілуімді сұрады. Не үшін екенін білмеймін. "Тез көтеріл" деді. Мен бірден сол жаққа бардым. Лифтке кірсем, жедел жәрдем болды. Қуандық Уәлиханұлы қолына пышақ ұстап жүрді. Ол дәретхана жаққа пышақпен кіріп кетті. Біз қатты қорқып кеттік, артынан ердік. Одан пышақты алып, полиция келгенше күттік. 15-20 минутта полиция келді", – деді бармен.

Оның сөзінше, Бишімбаевты көрген кезде қасында тек Байжанов болған.

"Бишімбаев ештеңе айтпады. Сасқалақтап тұрды. Жылап тұрды. "Не үшін істедім, не болды?" деді. Кейін өлім болғанын білдік. Қарсыласпады (пышақты алғанда – еск.). Мас еді. Ол "мен өлтірдім бе?" деп сұрады. Ол өз-өзіне қол жұмсағысы келген шығар (пышақты ұстаудағы мақсаты – еск.). Ол дәретханаға жалғыз кіріп, жауып алды. Біз суицид жасай ма деп қорқып кірдік. Пышақты алып алған кезде асханаға басқа пышақ алу үшін жүгіріп кетті. Қан, ештеңе болмады", – деді бармен.