Өйткені осы уақытта ұшу-қону жолағы жөнделеді.
Шымкент әуежайы мамырға дейін күндізгі уақытта жұмыс істемейді
799
оқылды

Шымкент әуежайы 1 сәуір мен 3 мамыр аралығында сағат 10.30-дан 18.30-ға дейін жұмыс істемейді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әуежай ұшу кестесінің өзгеруіне байланысты жолаушыларға әуежайдың ақпараттық қызметінен рейс туралы мәліметті тексеруді ескертті.

Әуежайға барар жолда да жол жұмыстары жүріп жатыр. Сол себепті жолаушылар әуежайға ертерек барғаны жөн.