Бас прокурор Ардагерлер кеңесінің өкілдерімен кездесіп, онда ІІІ Ұлттық құрылтайда Президент жариялаған «Әділетті Қазақстан – Жауапты азамат – Прогрессивті ұлт» тұжырымдамасының құндылықтарын ілгерілету шараларын талқылап, жастардың арасында «Адал aзамат» дүниетанымын қалыптастыруына белсене қатысуға шақырды.
Прокурорлар вандализм мен бұзақылықты назардан тыс қалдырмайды
351
оқылды

Бұдан кейін Б.Асылов облыс және аудан прокурорларымен кеңес өткізіп, оларды прокуратура органдарының құрметті зейнеткерлерімен, шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен бірлесіп, Мемлекет басшысы белгілеген міндеттерді жүзеге асыруға кірісуге бағыттады, деп жазды Aikyn.kz.

«Тәуелсіздік пен патриотизм, бірлік пен ынтымақ, әділдік пен жауапкершілік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық пен кәсібилік сияқты маңызды әлеуметтік құндылықтар мен адами қасиеттер призмасы арқылы, халыққа заңсыз мінез-құлықтың салдары мен кез келген құқықбұзушылық үшін жазаның бұлтартпастығы туралы белсенді түрде түсіндіру қажет. Біздің басты міндетіміз – құқықбұзушылыққа нөлдік төзімділікке қол жеткізу»,  деді Бас прокурор.  

Осыған байланысты прокурорларға Бас прокуратурада студенттерді және қоғамның барлық мүшелерін қамтитын Кешенді медиа-жоспар әзірлеу, құқық қорғау органдарының қоғамды толғандыратын мәселелері бойынша бейнелекциялар топтамасын дайындау, сондай-ақ азаматтардың құқықтық өтініштеріне жауаптары бар «мобильді прокурор» қосымшасын іске қосу тапсырылды.

Жиында сондай-ақ көбіне мас күйінде жасалатын вандализм мен бұзақылық сияқты құқықбұзушылықтардың алдын алуға да назар аударылды. Тыйым салынғанына қарамастан, тәулік бойы алкоголь сататын дүкендер мысалға келтірілді.

Осы жылдың наурыз айында ғана елордада прокурорлар полициямен бірлесіп, «бар» деген желеумен түнде спирттік ішімдіктерді еркін сатқан, алкомаркеттердің алкогольдік ішімдіктерді заңсыз сатуының 41 фактісін анықтаған, соның ішінде онлайн тапсырыстар бойынша да. Кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар қадағалау органының басшысы прокурорларға үйлестіру шаралары арқылы облыс әкімдері жанындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссиялар жұмысының тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

Соңында Б.Асылов лаңкестік әрекеттерге осал нысандардың қауіпсіздігін тексеруді тапсырды, әсіресе, көп адамның қатысуымен өтетін мәдени-көпшілік және басқа да іс-шаралар кезінде. Осы жұмыс аясында прокурорлар осындай жерлерде лаңкестік қауіптерді дер кезінде анықтау және жолын кесу бойынша озық әлемдік тәжірибені зерделейтін болады.