Қалалық прокуратураның тексеріс жұмыстары барысында Геолог ықшамаудандағы емхананың бас дәрігері 51 миллион теңгеге жуық қаржыны иемденгені анықталған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Бас дәрігер іс жүзінде орындалмаған жұмыстар үшін жеке кәсіпкердің шотына ақша аударған", – деп жазылған "Ақ Жайық" басылымының мәліметінде.
Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қылмыстық істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі тергеп жатыр.