Бәйтереков көшесінде (Астана даңғылына жетпей) болған жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші есін жимай, сол жерде көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Otyrar.kz-тің хабарлауынша, оның әйелі зардап шекпеген.
"Алдын ала мәлімет бойынша, 29 жастағы Kia жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 48 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды. Бұл факті полицияда тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды", – делінген хабарламада.
Куәгерлердің айтуынша, бұл көшеде бағдаршам оқиға орнынан небәрі 50 метр жерде орнатылған.
Шымкент қаласы Полиция департаменті азаматтарға жол қозғалысы ережелерін сақтауды, ал жаяу жүргіншілерді сақ болуды және белгіленген жерден жолды кесіп өтуді ескертті.