Қарағандыдағы жол апатынан 5 адам көз жұмды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Полиция көліктер бетпе-бет соқтығысқанын мәлімдеді. Оқиға солтүстік-шығыстағы айналма жолда болған. Полицияның хабарлауынша, Mercedes-Benz жүргізушісі қарама-қарсы жолаққа шығып кеткен. Жол апатынан 5 адам көз жұмды.
«Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қарағанды облысы полиция департаменті жүргізушілерге мұқият болуды және жол ережелерін бұзбауды ескертті», – деді Қарағанды қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Бауыржан Мұхамеджанов.