Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Су тасқыны: қызылордалық құтқарушылар тобы Атырау облысына көмекке аттанды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
354
оқылды

Өңірлерде су тасқынының салдарымен күрес қарқынды түрде жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сағат 04.00-ге қарай Атырау облысына Қызылорда облысы ТЖД құтқарушылары аттанды.

– Олар өңірдегі су тасқынының салдарын жоюға ат салысады,  делінген хабарламада.

Сондай-ақ Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылында су басу қаупінің алдын алу мақсатында, бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр.