Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы В.Худяковқа қатысты үкімнің күшін жойды.
Сот үкімімен Худяков құрамында есірткі заттар бар қарасораның тыйым салынған сорттарын заңсыз егіп, өсіргені үшін (Қылмыстық кодекстің 300-бабы 2-бөлігі 3-тармағы) кінәлі деп танылған. Оған 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Алқа істі зерделеп, мынадай қорытындыға келді.
Қылмыстық кодекстің 300-бабында көзделген қылмыстық құқықбұзушылықтың объективтік жағы мынадай дербес қылмыстық әрекеттерді қамтиды: құрамында есірткі заттар бар өсімдіктердің сұрыптарын егіп-өсіру.
Айыптау актісінде Худяков тек қарасора сұрыптарын өсірді деп айыпталған. Қылмыстық-процестік кодекстің 340-бабы 1-бөлігінің талаптарына сәйкес сот талқылауы адам сотқа берілген айыптау шегінде жүзеге асырылады. Қарасора егіп, өсірді деген айып тағылған жоқ, сәйкесінше, сот тағылған айыптың шегінен шығуға және бұл әрекеттері үшін айыптауға құқығы жоқ.
Осыған орай, алқа қылмыстық құқықбұзушылықтың болмауына байланысты қылмыстық істі тоқтатты. Худяковтың оңалту құқығы танылды.