Экс-министр Қуандық Бишімбаев жұбайы Салтанат Нүкенова екеуінің арасындағы дауға не себеп болғанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.
"Ол өзгере бастады. Жүйкесі сыр беріп, қобалжуды шығарды. Есімде, көліктің кілтін таба алмай қалған кезде мен оған кілтті коридордағы ілетін жерге қой деп шағын ескерту айтып едім. Кешке үйге келген соң біраз агрессивті түрде әңгімелер айтты. "Үйленген соң маған осындай дүниелер айта аламын деп ойлайсың ба", "Мен ертең-ақ кетіп қала аламын" деді. Егер өтірік айтсам Алла жазамды берсін. Мен өзім "шок" болдым. Өйткені ол мүлдем басқа адам болды. Оның менен қандай жауап күткенін білмеймін, сол оқиғадан кейін екі бөлек бөлмеге жататын болдық", – деді Қуандық Бишімбаев.
Бишімбаевтың айтуынша, Нүкеновадан "Саған не болғанын түсіндірші?", "Неге өйттің?" деп сұраған.
"Саған бұрыннан айтқым келіп жүр еді. Бірақ осы уақытқа дейін айта алмадым" деді. Ол "кабинетіңде мен бірнеше жыл бойы қарым-қатынаста болған адамның суреті бар. Ол Қазақстандағы танымал кәсіпкер деді", – дейді Бишімбаев.