Қызылқоға ауданында төтенше жағдай енгізілді.
Қызылқоғада "Миялы-Жангелдин" көпірін тасқын су бұзып кетті

Бұл жағдайға қатысты Қызылқоға ауданы әкімдігі мәлімдеме жасады. 

"Әлеуметтік желіде аудан маңындағы көпір және ауылішілік жолдың бұзылғаны туралы фото-бейнежазба тарады. Айта кететін жағдай, осындай ақаулар алдағы уақытта да анықталуы мүмкін. 

Қызылқоға ауданында төтенше жағдай енгізілді. Оның аясында бұзылған объектілердің алдымен ақауы анықталып, жергілікті бюджет есебінен қалпына келтіріледі. Бұл жұмыстар көктемгі өр суы келу кезеңі өткен соң басталады", –делінген хабарламада.

 

Баян Жанұзақова