Бұрынғының адамы табиғаттың тілін түсіну арқылы түрлі қауіп-қа­терден сақтанып баққан.
Сақтансаң, сақтайды
702
оқылды

Ал қазір­гідей жерді қашықтан зондтау тех­нологиялары секілді иннова­­циялық мүмкіндіктерге қол жеткізе отырып, еріген қар суынан зардап шегу ақыл­­­­ға қонымсыз. Биылғы көктем­нен келер қауіпті алдын ала болжап біл­сек те қазіргі ахуал қамсыз қал­ғанымызды көрсетіп отыр.

Осыған дейін Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Сергей Пономарев Үкіметке жол­даған депутаттық сауалында «217 елді мекен су басу қаупі бар, бұл – 86 мың­нан астам үй. Бір үйді су басқанының өзі үлкен қиындық, ал біз бүгін жарты мил­лион адамның өмірін қатерге тігіп отыр­мыз» деген болатын.

Былтыр ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығына арналған жерсеріктік талдау орталығы EOS Data Analytics (EOSDA) Қазақстандағы еріген су проблемасына қатысты есебін жа­­­­­риялап, ерте көктемде қардың қар­­­­­қынды еруі ауыл-аймақтарға қауіп төн­­­діретінін жеткізген еді. Құжатта елі­­­­міздегі «1 806 гид­ротехникалық құры­­­­­лыстың техника­­­­лық жағдайы қауіпті, оның 471-і күрделі жөндеуді қажет ететіні, сонымен бірге мемлекет тара­­­­пы­нан қолдаудың бол­­­­­­­мауына бай­­­­ланысты бұл құрылыс­тардың техникалық жағ­­дайын нақты бағалау қиынға соғатыны» баяндалған.

Елімізде жазда су жетіспейтінін, ал көктемде су тасқынынан зардап шеге­­­­тінімізді су шаруашылығы мамандары жиі айтады. Дегенмен суды тиімді бас­қару мен оны үнемдеу тетітктері әлі де болса жолға қойылған жоқ. Депутат Сергей Пономарев Үкімет пен әкімдіктер су тасқынының алдын алу жұмыстарын толық атқармады деп сын тақты. 

– Бұл, ең алдымен, гидротехникалық құрылыстар жүйесін құру және қолдау бойынша жүйелі дайындық жұмыста­­­­­рының болмауына байланысты. Су шаруашылығы нысандарының желісі үнемі бақылауды, күтімді, жөндеуді және ең бастысы, жаңартуды қажет етеді. Биылғы ақпан айында ТЖМ деректері бойынша еліміздегі 537 гидротехникалық құрылыс жөндеуді қажет етеді, оның сегізі – иесіз құрылыстар. 200-ден астам бөгеттің төлқұжаты жоқ және олардың техникалық қауіпсіздік деңгейі анық­­­­­талмаған. Су қорғау белдеуінде заңсыз құрылыс салу мәселесі де күн тәртібінде тұр, – дейді Мәжіліс депутаты.

Агроэксперт Кирилл Павлов жылына Ертіске ағып кететін 23-25 миллиард текше метр суды ауылшаруашылық жерлерін суару арқылы пайдаға асыруға болар еді деген пікірде. Бірақ ол үшін арнайы су қоймаларын салып, жинақтау қажет. Ал экономист Сапарбай Жобаев су шаруашылығындағы мұндай маңызды нысандарды салуды жеке инвесторларға тапсырған абзал дейді. 

– Америкада балықтарға экология­­лық жағынан кері әсер етеді деп кейбір су қоймаларын бұзып жатқан көрінеді. Дегенмен біздің елде осындай далалы аймақтарда, жазық жерлерде еріген қар суынан қорғану мақсатында су қойма­­­ларын салу дұрыс шешім деп білемін. Мы­­­салы, дамыған өркениетті елдерде су шаруашылығы нысандарын жеке ин­­вес­торлардың басқаруына беру ар­қылы жем­­­­­­­қорлықтың алдын алып отыр. Ал егер жауап­кершілікті жергілікті бас­қару ор­ган­дарына жүктейтін болсақ, мұн­дай ма­­­ңыз­­ды объектілер иесіз қа­лады. Сон­­дық­тан мемлекеттің балан­сына қайта­­рылса, ке­рісінше, нағыз жем­­­қор­­­лыққа жол ашы­латынын түсіну қажет. Дүние­­­жүзінде жеке инвестор­лар­дың күшімен салынған ны­сандарды сақтан­­­дыру мәсе­лесі де жақсы қам­тылған, – дейді са­рапшы. 

Сақтандыру компаниялары тәуелсіз болғандықтан, өз талаптарына сәйкес тұрақты тексеріс жүргізіп отырады, ны­­санның қауіпсіздігін жіті бақы­­­ла­уында ұстайды. Маманның пікірінше, сақтан­­дыру құрылыс саласындағы са­паның стандарттарға сай болуына да септігін тигізіп, заңсыздықтардың ал­дын алар еді.

– Кеңес дәуірінде тоталитарлы мем­­­­лекет болды дегенімен, соның өзінде ғимараттарды, бау-бақша ағаштарын ірі-қара малды сақтандырушы еді. Бұл – дүниежүзілік тәжірибе. Ол кездегі сақ­­тан­­­­дыру компаниялары биліктің қо­­­­­лында болатын. Қазіргі сақтандыру ком­­­­­паниялары жекеменшікке тиесілі. Десе де, олар да үйді немесе шаруашы­­­лықты сақтандыру барысында өздерінің талаптарын қояды. Қарапайым ғана оның қандай құрылыс материалынан салынғанынан бастап, орналасқан же­­­ріне дейін, яғни су тасқыны орны алуы мүмкін аумақтардан тысқары орна­­­­лас­­­қан болуы керек дегендей нақты шарт­­тарды талап етеді. Мұның бір тиімді тұсы кез келген табиғи апаттан зардап шеккен азамат сақтандырудан алған өте­­мақысы арқылы ары қарай тұрмысын түзейді. Мәселен, Еуропа, Америкада қаншама табиғи апат болып жатса да, азаматтары мемлекетке қолын жаймай, 70-80 па­­йызға жуық шығынын сақтан­­­­­­­­дыру ком­­­паниялары арқылы өндіріп алады, – дейді ол.

Кәмила ЕРКІН