Зардап шеккен жігіттің көршілерінің айтуынша, атыс болған үйде үнемі айқай-шу болатын көрінеді.
Шымкентте атыс болды: зардап шеккендер бар
фото: otyrar.kz
608
оқылды

Шымкентте қаланың қақ ортасында атыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.

Оқиға бүгін, 2 сәуір күні түскі сағат 12.00 шамасында болған.

«Белгісіз біреулер жігітке травматикалық қарудан оқ атқан. Оқиға Шевченко көшесінде болды»,  делінген хабарламада.

Зардап шеккен жігіттің көршілерінің айтуынша, атыс болған үйде үнемі айқай-шу болатын көрінеді. 

Қазіргі уақытта полиция мен тергеушілер оқиға орнында тергеумен айналысып жатыр.